Дүмпу магнитудасы 3.5 балл
30 қыркүйек күні сағат 10:32-де Жетісу облысының Кербұлақ ауданында жер сілкінді деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі ҚР ТЖМ «СОМЭ» сейсмикалық станциялар желісіне сілтеме жасап.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 223 км жерде Жетісу облысы Кербұлақ ауданының аумағында орналасқан.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): жоқ
«Жетісу облысы ТЖ департаменті ақпаратты алғаннан кейін жергілікті атқарушы органдарды, Полиция департаментін, Қазселденқорғау, прокуратура және басқа да ұйымдарды хабардар етті, сеніп тапсырылған аумақтардағы жағдай нақтылануда, қираулар мен құрбандар туралы хабарлама түскен жоқ», - делінген оьблыстық ТЖД таратқан хабарламада.