Қар жауады: 13 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Орталық және батыс облыстарда аздап жаңбыр аралас қар жауады

13 қаңтар күні еліміздің оңтүстік өңірлерінде қар жауады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Gismeteo сайтына сілтеме жасап.

Бейсенбі күні еліміздің оңтүстік және шығыс облыстарында күн құбылмалы болады. Орталық және батыс облыстарда аздап жаңбыр аралас қар жауады. 

Сондай-ақ, еліміздің оңтүстік және орталық бөліктерінде түнде және таңғы уақытта жылдамдығы 20-28 м/с болатын қатты жел соғады. Орталық және солтүстік облыстарда ауа температурасы түнде −18...−11 °С, күндіз −10...−4 °С болуы мүмкін.  

Еліміздің батыс өңірлерінде ауа температурасы түнде −13...−6 °С, күндіз шамамен −2...+6 °С болады. Ал шығыс аумақта түнде шамамен −18...−9 °С, күндіз −8...+2 °С аралығында болуы мүмкін.   

Республиканың оңтүстік өңірінде түнде −8...−2 °С, күндіз −1...+4 °С аралығында болуы мүмкін.