Қазақстанда өткен тәулікте 89 адамнан коронавирус анықталды
COVID-19 вирусын жұқтырған 5 адам ауыр халде жатыр
Қазақстанда өткен тәулікте 89 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Атап айтқанда:
Астана қаласында - 18, Алматы қаласында - 11, Шымкент қаласында – 1, Ақмола облысында – 15, Ақтөбе облысында – 2, Алматы облысында - 2, Жетісу облысында - 0, Атырау облысында - 1, Шығыс Қазақстан облысында - 1, Абай облысында - 0, Жамбыл облысында - 0, Батыс Қазақстан облысында - 5, Қарағанды облысында - 8, Ұлытау облысында - 1, Қостанай облысында - 7, Қызылорда облысында - 0, Маңғыстау облысында - 0, Павлодар облысында - 1, Солтүстік Қазақстан облысында - 10, Түркістан облысында - 3.
Жалпы еліміз бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 393 557 адамға жетті.
Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте 127 адам аурудан емделіп шықты.
Оның ішінде:
Астана қаласында - 29, Алматы қаласында - 6, Шымкент қаласында - 0, Ақмола облысында - 0, Ақтөбе облысында - 0, Алматы облысында - 0, Жетісу облысында - 0, Атырау облысында - 0, Шығыс Қазақстан облысында - 0, Абай облысында - 0, Жамбыл облысында – 0, Батыс Қазақстан облысында - 13, Қарағанды облысында - 14, Ұлытау облысында - 3, Қостанай облысында - 39, Қызылорда облысында - 0, Маңғыстау облысында - 0, Павлодар облысында - 8, Солтүстік Қазақстан облысында - 8, Түркістан облысында - 7.
Елімізде барлығы 1 378 657 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
30 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 1 334 адам коронавирус инфекциясынан (–1 210+ және 124 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 133 пациент стационарда, 1 201 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
3 адамның жағдайы ауыр,
5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.