$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді

Республиканың шығыс аумағында қар жауады  

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

«Солтүстік антициклонның әсерінен елдің солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Атмосфералық фронттардың әсерінен ҚР батысында жаңбыр, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), шығысында қар жауады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл, шығыста көктайғақ болады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталуда.

Астана қаласында ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде күші 2-7, күндіз 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -6-8°С, күндіз +3+5°С болады.

Алматы қаласында ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел 2-7 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +8+10°С, күндіз +15+17°С болады.

Шымкент қаласында ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +23+25°С болады.

Серіктес жаңалықтары