Прокурорлық тексеріс нәтижесінде заңсыз берілген бірнеше жер учаскесі анықталды
Жамбыл облысында прокурорлық тексерістен кейін су қоймасы мен бірнеше жер учаскесі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қордай ауданының прокуратурасы қадағалау актілер негізінде аудан көлеміндегі 10 ауылдық мәдениет үйінің жер учаскелері мен 2 саябақты жалға алу шарттары бұзылып, мемлекетке қайтарылды.
«Сонымен қатар мемлекеттік шекара бойынан заңсыз берілген жалпы аумағы 5,5 га болатын 15 млн. теңгеге бағаланған 4 жер учаскесі және аумағы 13 га болатын су қоймасымен бірге 14 млн. теңгеге бағаланған «Демалыс орнын» сенімгерлік басқаруға алу туралы шарттары бұзылып, мемлекетке қайтарылды», - деп көрсетті Жамбыл облысының прокуратурасы.