Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты Мөңке би көшесі 8 айға жабылады

Автор: Azattyq Rýhy

Іргелес көшелермен көлік қозғалысы өзгеріссіз жүргізіледі

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты Мөңке би көшесі 8 айға жабылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Саин көшесі мен Мөңке би көшесінің қиылысындағы көлік жол айрығы құрылысы» нысаны бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Мөңке би көшесінде көлік қозғалысы бағытына өзгерістер енгізіледі.

2022 жылғы 1 қазан сағат 22-00-ден 2023 жылғы 1 маусымға дейін Мөңке би көшесінің бойымен айналма жолдан Мәмбетов көшесіне дейін көлік қозғалысы тоқтатылады.

Көлік қозғалысы солтүстік және шығыс бағыттарда Ақын Сара және Момышұлы көшелері, айналма жол арқылы жүзеге асырылады.