Бұл туралы Сенат отырысындаСерік Жұманғарин мәлімдеді
Қазақстан мен Ресей шекарадан өте алмай тұрған қазақстандықтар мен азық-түлік көліктері үшін «жасыл дәліз» құру мәселесін талқылап жатыр. Бұл туралы Сенат отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазіргі ахуал еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне еш әсер етпейді. Әлбетте, қандай да бір туындаған мәселелерді барынша шешіп жатырмыз. Кеше мемлекеттік органдармен, құқық қорғау органдарымен жиын өткіздім. Сонымен қатар әріптесім, Ресей Федерациясы Премьер-министрінің орынбасарымен сөйлестім. Шекараның арғы жағында тұрған Қазақстан азаматтары мен азық-түлік тиелген жүк көліктері мәселесі айтылды. Өзара келісім жасалды. Өрші елдегі әріптесім бүгін шекара қызметімен өзара сөйлеседі. Біз «жасыл дәлізді» қамтамасыз етуге тырысамыз», - деді Серік Жұманғарин.
Оның айуынша, «жасыл дәліз» бірінші кезекте Қазақстан азаматтары мен азық-түлік тиеген жұк көліктеріне қатысты болмақ.