Республиканың оңтүстік-батыс аумағында ғана күн ашық болады
Синоптиктер 29 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«ҚР-ның басым бөлігінің фронталды бөліктердің өтуіне байланысты, жауын-шашын, батыс аймақтарда жаңбыр түрінде, солтүстік, шығыс, орталық аймақтарда жаңбыр, қар, еліміздің шығысында қатты жауын-шашын болады. Тек Қазақстанның оңтүстік-батыс аймағында жауын-шашынсыз ауа райы болады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Республика бойынша желдің күшеюі, батыста – найзағай, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде – шаңды дауыл, солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ болуы мүмкін.
Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.