Жүргізуші Екібастұз қалалық ауруханасына түсті
Павлодар облысында жүк көлігін тізгіндеген мас жүргізуші тұрғын үйге соғылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Shacman жүк автокөлігінің 45 жастағы жүргізушісі мас күйінде Павлодар облысының Шідерті кентіндегі Жастар көшесіндегі екі қабатты тұрғын үйге соғылған.
«Үйге материалдық шығын келтірілді. Сол уақытта тұрғын үйде ешкім болмаған. Автокөлік жүргізушісі қажетті көмек алу үшін Екібастұз қаласының ауруханасына жеткізілді, ол дене жарақатын алған. Келтірілген залал мөлшері анықталып жатыр. Көлік Шідерті кентінде жұмыстарды орындайтын мердігер ұйымға тиесілі. Автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды. Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деп хабарлады Павлодар облысы Екібастұз қаласы ПБ Патрульдік полиция ротасының командирі Азамат Күркебаев.