Қазақстандықтар ет пен нанға көп ақша жұмсайды – Ұлттық статистика бюросы

Автор: Azattyq Rýhy

Ет және ет өнімдерін ең көп тұтынатын Ақмола облысы

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандықтар табысының ең көп үлесін ет және ет өнімдеріне, нан мен жарма өнімдеріне жұмсайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

2022 жылғы II тоқсанда былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда азық-түлік өнімдерінің барлық негізгі топтары бойынша тұтыну көрсеткіштері төмендеген.

Қазақстандықтардың азық-түлік өнімдерін сатып алуға кеткен қаражатының көп үлесі өткен жылғыдай ет және ет өнімдеріне (17%), нан мен жарма өнімдеріне (7,9%) тиесілі.

Ет және ет өнімдерін ең көп Ақмола облысында тұтынатын болса, ең аз тұтынатын өңір – Шымкент қаласы.