Шетелдік азаматтарды күтіп алғандар 3 күннің ішінде хабарлау керек

Автор: Azattyq Rýhy

Дер кезінде ақпарат бермегендерге айыппұл салынады

фото: 24.kz

Өзге елдің азаматын күтіп алып, үйіне орналастырған жеке және заңды тұлғалар ішкі істер органдарына 3 күннің ішінде хабарлап үлгеруі керек, деп хабарайды Azattyq Ruhy.

Дер кезінде ақпарат бермегендерге айыппұл салынады. 

«3 күн мерзімді өткізіп алған және көшіп келушінің келуі туралы Ішкі істер органдарына хабарламаған жағдайда, Қазақстанда қабылдаушы жеке және заңды тұлға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 518-бабы бойынша жауапқа тартылатынын ескертеміз.

Жеке тұлғалар үшін ескерту түріндегі жаза, ал қайталап бұзғаны үшін  – 30 айлық есептік көрсеткіш немесе 91 890 теңге мөлшерінде айыппұл көзделген.

«Заңды тұлғалар үшін 10 -нан 25 айлық есептік көрсеткішке дейін. Қайталанған жағдайда 100 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл қарастырылған, бұл 306 мың теңгеге тең»,-деді Алматы қаласы Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының басшысы Асхат Бутунчинов.

Шетелдіктің келуі туралы хабарламаны қабылдаушы тарап үш түрлі тәсілмен жеткізе алады:

1.        Жеке және заңды тұлғалар көшіп келушінің келгені туралы электрондық визалық және көші-қон порталы арқылы тікелей хабарлай алады vmp.gov.kz немесе egov.kz арқылы. Ол үшін қазақстандық тарап электрондық цифрлық қолтаңбасы және көшіп келушінің  паспорттық деректері жеткілікті.

2.Қазақстан тарапынан қабылдаушы жеке және заңды тұлғалар шетелдіктің келгені туралы хабарламаны тікелей өз ауданы бойынша ішкі істер органдарының көші-қон қызметінің бөлімдері мен бөлімшелеріне бере алады.

3. Е-Qonaq қосымшасы арқылы хабарлама бере алады.

2022 жылдың басынан бері Алматы қаласының ХҚКО-ы шетел азаматтарына 80 мыңнан астам қызмет көрсеткен.