Ол Парсы шығанағы елдерінен сапардан оралған
Германия канцлері Олаф Шольц коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Парсы шығанағы елдеріндегі 2 күндік сапардан оралғаннан кейін канцлерден коронавирус анықталған.
Бұл туралы Stuttgarter Zeitung басылымы жазды.
«Олаф Шольцтың коронавирус инфекциясына тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті», - делінген хабарламада.
Канцлер жексенбі күні Сауд Арабиясы, Катар және БАӘ елдерінен оралған.