Жетісу облысында ер адам азаматтық некедегі әйелін ұрып өлтірді
47 жастағы азамат қамауға алынды
Жетісу облысында ер адам азаматтық некедегі әйелін ұрып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиғы Қаратал ауданы Жаңаталап ауылының маңындағы шаруа қожалықтарының бірінде тіркелді. 26 қыркүйекке қараған түні ферма аумағында зорлық-зомбылық белгілері бар 35 жастағы әйелдің денесі табылды.
Жәбірленуші өзінің 47 жастағы азаматтық жұбайымен бірге жергілікті кәсіпкердің біріне жұмыс істеп, оның малын баққан. Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар бір күн бұрын қонақтарды күткен, олар кеткеннен кейін араларында жанжал туындаған. Қонақтардың бірінен әйелін қызғанған ер адам оны аяусыз соққыға жыққан, нәтижесінде әйел соққыдан оқиға орнында көз жұмды.
Жәбірленушінің жұбайы қамауға алынды.
Дерек бойынша тергеу ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі бойынша жүргізілуде.