Алматы облысында мектепке «мина қойған» оқушы ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Іле ауданында тұратын оқушы кінәсін мойындады

фото: www.kommersant.ru

Алматы облысының полицейлері мектепті “миналаған” жалған террористі анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Аталған дерек Іле ауданының полиция басқармасында ҚР ҚК 273-бабы бойынша «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» тіркелді.

«Жедел-іздестіру жұмыстары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Іле ауданының кәмелетке толмаған тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта заңды өкілдер мен психологтардың қатысуымен ол істеген қылмысын толығымен мойындады», - деді ведомствода.