«YDD corporation» компаниясы Ерлан Нығматулиннің қамауға алынғаны туралы кейбір БАҚ пен желі парақшаларында жарияланған ақпаратқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
«Кейбір желі парақшаларында Ерлан Нығматулиннің тұтқындалғаны туралы хабарлама тарап жатыр, өз кезегімізде бұл ақпарат жалған екенін хабарлаймыз»,- делінген «YDD corporation» компаниясының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сондай-ақ компания азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіретін көрінеу жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабында көзделген қылмыстық жауапкершілік бойынша қудалауға әкеліп соқтыратынын еске салады.
«YDD Corporation» ЖШС - Қарағанды ферроқорытпа зауыты. Ерлан Нығматулин зауыттың акционері болып табылады.