Жамбыл облысына жаңа прокурор тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол бұған дейін Ақтөбе, ОҚО және Түркістан облысы прокуратураларын басқарған

Фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысының келісімімен ҚР Бас прокурорының бұйрығымен Жамбыл облысының прокуроры болып  3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Нұрғалым Мәжитұлы Әбдіров тағайындалды.

Н. Әбдіров 1967 жылы туған. Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Прокуратура органдарындағы қызметін 1991 жылы бастаған.

Басшылық қызметтерде тәжірибесі мол. Бас прокуратураның үш департаментін басқарған. Астана, Алматы, Оңтүстік-Шығыс өңірлік көлік прокурорларының бірінші орынбасары қызмет атқарған, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облысы прокуратураларын басқарған.

Ал, осыған дейін Жамбыл облысы прокуроры лауазымын атқарған Ж.Қ. Құсайынов Бас прокуратураның қарамағына ауысты.