$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Чехия мобилизациядан қашқан ресейліктерге виза бермейтінін мәлімдеді

Бұл туралы Чехия Сыртқы істер министрі Ян Липовский мәлімдеді

Чехия мобилизациядан қашқан ресейліктерге виза бермейтінін мәлімдеді
Фото: radio.cz

Чехия мобилизациядан қашқан ресейліктерге гуманитарлық виза беруге қарсы, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

 «Мен ресейліктердің Путиннің шарасыз шешімінен қашып жатқанын түсінемін. Бірақ өз мемлекеті жүктеген міндетті орындағысы келмей елінен қашып кеткендер гуманитарлық виза алу талабына сәйкес келмейді», - деді Чехия Сыртқы істер министрі Ян Липовский.

Министр Чехияның мобилизацияға ілінбес үшін елінен қашып жатқан ресейлік азаматтарға гуманитарлық виза бермейтінін баса айтты.

Бұған дейін Еурокомиссия Ресей азаматтарын өз аумағына қабылдау туралы шешімді ЕО-ға мүше мемлекеттердің өзі қабылдайтынын мәлімдеген. Қазір ЕО мобилизация жарияланған жағдайда не істеу керек деген мәселені талқылап жатыр.

Серіктес жаңалықтары