Алматы облысында анонимді қоңыраудан кейін мектептердің бірі қоршауға алынды

Автор: Azattyq Rýhy

Факті бойынша тергеу басталды

Фото ашық дереккөзден

Алматы облысында анонимді қоңыраудан кейін мектептердің бірі қоршауға алынды, деп хабарлайды Рolisia.kz.

22 қыркүйекте Іле ауданының полиция пультіне Алматы облысы Өтеген батыр кентіндегі мектептердің бірінде орнатылған жарылғыш зат туралы жасырын қоңырау келіп түсті.

Оқиға орнына барлық ғимаратты тексеруге саперлер, кинологтар және басқа мамандар шақырылды. Ақпарат расталмады.
Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басын анықтау бойынша жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Факті бойынша тергеу басталды.