Оралда 26 жастағы жігіт тоғызыншы қабаттан секіріп, мерт болды

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Фото ашық дереккөзден

Оралда 26 жастағы жігіт тоғызыншы қабаттан секіріп кетті. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, оқиға 22 қыркүйек күні сағат 15.00-де Зачаган кентіндегі М.Мөңкеұлы атындағы көшеде болды.

«1996 жылғы тұрғын көп қабатты үйдің терезесінен секіріп, өзіне-өзі қол жұмсады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабына (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар сараптама тағайындалды. Себептері мен оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтайтын болады», - делінген хабарламада.

Оқиға куәгерлерінің сөзіне қарағанда, марқұм тоғызыншы қабаттан секірген.

Тегтер: