Тоқаев волонтерлер қозғалысының құрметті елшісі болды

Автор: Azattyq Rýhy

Елордада волонтерлер фронт-кеңсесі ресми түрде жұмысын бастады

Фото: akorda.kz

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласындағы волонтерлердің «Birgemiz» республикалық фронт-кеңсесі жұмысының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Сондай-ақ Президент жиында Қазақстандағы волонтерлер қозғалысының құрметті елшісі болуға келісетінін айтты.

«Мен волонтерлер қозғалысының құрметті елшісі болуға келісемін. Менің төтенше және өкілетті елші деген дипломатиялық дәрежем бар. Алайда, волонтерлер қозғалысының құрметті елшісі болудың маңызы одан еш кем емес деп ойлаймын. Бұл – мен үшін үлкен құрмет, бірлесіп жұмыс жасаймыз», - деді Қ. Тоқаев.

ЭКСПО көрмесінің «Art Hub» павильонында орналасқан фронт-кеңсе Қазақстанның волонтерлері үшін кеңес беру, әдістемелік, оқыту және ақпараттық орталыққа айналатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде 2020 жыл Волонтер жылы деп жарияланды.