Бейсенбі күні доллардың ресми бағамы біршама көтерілді
Қазақстанның Ұлттық банкі 22 қыркүйекке арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін, яғни бейсенбі күні доллардың ресми бағамы біршама көтеріліп, 477,73 теңгеге тең болды.
Айта кетейік, америкалық валютаның 21 қыркүйектегі ресми бағамы 478,26 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы 7,88 теңге болды.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 479-480 теңгеден сатып алынып, 484 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 480 теңгеден сатып алынып, 484 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
USD / KZT – 477,73 (АҚШ доллары)
EUR / KZT – 474,19 (еуро)
RUB / KZT – 7.88 (ресейлік рубль)
TRY / KZT – 26,08 (түрік лирасы)
CNY / KZT – 67,84 (қытай юані)
KGS / KZT – 5,89 (қырғыз сомы)
UZS / KZT – 4.37 (өзбек сомы).