Анықталған шығын көлемі 50 миллион теңгені құрайды
Қаржы мониториггі агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Ата-мекен 2021» қаржы пирамидасын ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«2021-2022 жылдар аралығында «Ата-мекен 2021» тұтыну кооперативінің басшысы мен менеджерлері инвесторларға Ақтау қаласында жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ жаңа және пайдаланылған автокөліктерді тиімді шарттармен пайызсыз және үстеме төлемсіз бөліп төлеу принципі бойынша сатып алуды ұсынған, бағдарламалар бойынша 25 000 000 теңгеге дейін автокөлік және 50 000 000 теңгеге дейін жылжымайтын мүлік сатып алуға болатыны айтылған», - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Осылайша, аталған кооператив әрекетінде қаржы пирамидасын ұйымдастырудың белгілері анықталып отыр.
«Анықталған шығын көлемі 50 миллион теңгені құрайды, күдіктілердің мүлкі мен есепшоттарына тыйым салынды», - делінген хабарламада.
ҚР ҚПК 201-бапқа сәйкес тергеп-тексеру мүддесiне қатысты өзге де мәлiметтер жарияланбайды.