Қазақстан қант импортына қосылған құн салығын алып тастауы мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Сондай-ақ балық аулайтын кәсіпорындардың қосымша құн салығы 70%-ға төмендетіледі

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық қант импорттаушылары үшін қосымша құн салығы алынып тасталуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бүгін Мәжіліс отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров еліміздің Салық кодексіне енгізілген өзгерістерді таныстырды.

«Қант өндірісін ынталандыру үшін шикі құрақ қантының импортын қосымша құн салығынан босату, сондай-ақ қант өндірушілерін қосымша құн салығынан босатудың қолданыстағы жеңілдік мерзімін ұзарту ұсынылып отыр», - деді Әлібек Қуантыров.

Министрдің айтуынша, түзетулер отандық тауар өндірушілерді ынталандыруға бағытталған. Сондай-ақ балық аулайтын кәсіпорындардың қосымша құн салығы 70%-ға төмендетіледі.

«Келесі норма тазартылған алтынды сатуға қатысты. Қазір Ұлттық банкке мұндай алтынды сату қосылған құн салығынан босатылады. Осы норманы алтынды зергерлерге де сату кезінде қолдану ұсынылады», - деді Ә. Қуантыров.