Бір тәулік ішінде 1638 адамның ауру жұқтырғаны белгілі болды
Қытайдың Хуюэй провинциясында коронавирустан көз жұмғандар саны 1068 адамға жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Қытайдың жергілікті денсаулық сақтау комитетінің мәліметінше, провинцияда вирус жұқтырғандар саны 33 366 адамды құраған, олардың ішінде 2639 науқас ауруынан сауығып шыққан.
Бір тәулік ішінде провинция бойынша 1638 адамның ауру жұқтырғаны белгілі болды. Олардың 1104-і коронавирус ошағы саналатын Ухань қаласында, тұрады.
Еске салсақ, Қытай билігі Ухань қаласында беймәлім пневмонияның көптеп тарап жатқаны туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына алғаш рет 2019 жылдың 31 желтоқсанында мәлімдеген болатын. Кейіннен мамандар оның 2019-nCoV коронавирус екенін анықтаған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайда пайда болған коронавирустың жаңа түріне ресми түрде COVID-2019 деген атау берді.