$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сәтбаевта мас күйінде жедел жәрдем көлігін айдап кеткен ер адам жол апатына ұшырады

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды

Сәтбаевта мас күйінде жедел жәрдем көлігін айдап кеткен ер адам жол апатына ұшырады
Фото ашық дереккөзден

Сәтбаев қаласында мас күйінде жедел жәрдем көлігін айдап кетіп, жол апатына ұшыраған ер адам қолға түсті. Бұл туралы Ұлытау облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, оқиға 18 қыркүйекте болған. Таңғы сағат 5.30 шамасында Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының полиция бөліміне белгісіз біреу медициналық мекеменің көлік тұрағында тұрған жедел жәрдем көлігін айдап кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Белгілі болғандай, дәрігерлер кезекті пациентін ауруханаға жеткізген. Жүргізуші фельдшерлерге науқасты қабылдау бөліміне алып кіруге көмектесіп жатқанда, белгісіз біреу жүргізушінің жоқтығын пайдаланып, қызметтік көліктің кабинасына кіріп, оны оталдырып, айдап кеткен.

«Сәтбаев қаласының ПБ патрульдік полиция взводының жасағы күдіктіні ізін суытпай ұстады. Бұл әрекетке 32 жастағы ер адам барғаны анықталған. Ол айдап кеткен көлікті басқара алмай, жолда аударылып қалған. Оның үстіне қаскүнем мас күйде болғаны анықталды, оны медициналық куәландыру растады», - делінген хабарламада.

Күдіктіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Мас күйіндегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы» бойынша әкімшілік материал рәсімделді, бұдан басқа ҚР ҚК-нің 200-бабы «Автомобильді немесе өзге де көлікті ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары