Өрттің шығу себебі анықталуда
Алматыда жеке меншік секторда өрт болды. Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департамент мәліметінше, өрт бүгін Жетісу ауданында, Райымбек даңғылы, Галилей 38 мекенжайында болды.
«Сағат шамамен 15:04-те өрт сөндірушілер шақыртуға шықты. Олар келгенде жекеменшік үй мен қораның өртеніп жатқаны анықталды. Өрттің көрші үйге өту қаупі болды. Жақын жерде орналасқан өрт сөндіру гидранттарына автоцистерналар орнатылып, үздіксіз сумен қамтамасыз етіліп, өрттің таралу қаупі жойылды. Өрт орнынан 25 литрлік 5 газ баллоны эвакуацияланды», - делінген хабарламада.
Оқиға орнында 10 бірлік техника мен 26 адам жұмылдырылды. Өрт сағат 35 минутта ауыздықталып, 15:46-да сөндірілді.
Өрттің шығу себебі анықталуда.