Нұр-Сұлтан сөзі бар 467 ақпараттық маңдайша бар
«Қазавтожол» дерегі бойынша, ел астанасының атауы өзгеруіне байланысты республикалық маңызы бар жолдар бойында 467 ақпараттық маңдайшаны ауыстыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Azattyq Ruhy Informburo.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазірдің өзінде Нұр-Сұлтан сөзі бар 100-ге жуық белгі алынып тасталды.
«Ақпараттық панноларды ауыстыру Республикалық маңызы бар жолдарды ұстауға жыл сайын бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылады», - делінген компания хабарламасында.