$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда тұрғын үйлер мен зираттарды тонаумен айналысқан 4 адам ұсталды

Олар тұрғын үй иелерін 6 млн теңгеге шығынға батырған

Атырауда тұрғын үйлер мен зираттарды тонаумен айналысқан 4 адам ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Атырауда тұрғын үйлер мен зираттарды тонап келген 4 адам ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, күдіктілердің жасы  29-33 жас аралығында.

«Атырау қалалық №2 полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде шаһар аумағындағы тұрғын үйлерге, оған қоса зираттарға ұрлыққа түскен 1989, 1992, 1992 және 1993 жылы туған төрт күдіктіні анықтап, ұстады. Күдіктілер ақпан-мамыр айлары аралығында алдын ала сөз байласу арқылы Атырау қаласы аумағындағы зираттардан металл айшықтар мен құлпытастарды қолды етіп, марқұмдардың туыстарына 3 млн 570 мың теңгеге материалдық шығын келтірген.Ұрлықты кәсіп еткендер бұл қылмыстық іс-әрекеттерімен шектелмей, Атырау қаласының шағынаудандарындағы 6 тұрғын үй-жайға заңсыз кіру арқылы әртүрлі өндірістік техникаларды, алтын бұйымдарды, ойын приставкасын, құрылыс құралдарын жасырын жымқырған. Сөйтіп, тұрғын үй иелерін 6 млн теңгеге шығынға батырған», - делінген хабарламада.

Төрт күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 1,2,3) тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Қылмыстық іс заңды шешім шығару үшін сотқа жолданды.

Серіктес жаңалықтары