Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады

Автор: Azattyq Rýhy

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясының Жалпы дебатына қатыспақ

Фото ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы БОРТ N1 телеграм-арнасында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысы сапарының бағдарламасы тығыз. Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясының Жалпы дебатына қатысады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларымен, АҚШ-тың ірі қаржы институттарының және трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен, сарапшылар тобының өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.