Кеше екі ел президенті атысты тоқтатуға келісті
Тәжікстанмен шекарадағы қарулы қақтығыстар нәтижесінде жараланған қырғызстандықтардың саны 103-ке жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Өткен түнде қақтығыс кезінде 24 қырғызстандық қаза тауып, 87 адам зардап шеккені белгілі болды.
14 қыркүйекте Тәжік әскери күштері Қырғызстанның шекаралас аумағында бес жерде оқ жаудырды.
16 қыркүйекте ШЫҰ саммитінде Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон екі елдің шекарасынан қосымша әскери күштерді алып кетуге, атысты тоқтатуға келісті.
Келіссөздерден кейін атыс тоқтатылды.