Қостанай облысында ағаштан жасалған дәретханаға 600 мың теңге жұмсалған

Автор: Azattyq Rýhy

Дәретхананың фотосы әлеуметтік желіде жарияланды

фото: Д.Смағұлов/ facebook

Қостанай облысында ағаштан жасалған даладағы дәретхананы салуға 600 мың теңге жұмсалған. Бұл туралы Әділдік жолы республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дидар Смағұлов әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қостанай облысы Жангелдин ауданының Торғай ауылында далада орналасқан дәретхананы салуға 600 мың теңге жұмсалған.

Дидар Смағұлов өзінің facebook-тегі парақшасында «бағалы» дәретхананың фотосын жариялап қысқаша жазба қалдырды.

Автор бұл соманың қалай шыққанын шамамен есептеп көрсетті:

1. Ағаштан жасалған қоршау: 60 000 тг.

2. Септиктің бетон сақинасы, қақпақ, құбыр: 40 000 тг.

3. Архимедтің арнайы күректерімен шұңқыр қазу: 500 000 тг.