Өрт жергілікті уақыт бойынша сағат 15:30-да басталған
Қытайдың Хунань провинциясының Чанша қаласында 44 қабатты зәулім ғимарат өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жалынға оранған ғимаратта China Telecom мемлекеттік телекоммуникациялық компаниясының кеңсесі орналасқан.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, биіктігі 200 метрлік ғимарат 20 минут ішінде қызыл жалынға оранған.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. 300 өрт сөндіруші мен 40-қа жуық техника өрт сөндіруге жұмылдырылды.