Бүлдіршін үшінші қабатта терезе алдында ойнап отырған
Шымкентте екі ер адам ашық терезеде отырған сәбиді жазатайым оқиғадан құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Шымкентте үшінші қабатта ашық терезенің алдында отырған сәбиді екі ер адам құтқарып қалды.
Оқиға орнында түсірілген видеода жасөспірім жігіттің екінші қабаттағы темір тор арқылы өрмелеп шығып, бүлдіршінді қауіпсіз жерге алып кеткенін көруге болады.
Қазақпарат агенттігінің хабарлауынша бұл оқиғаға қатысты қалалық ТЖД-ға хабарлама түспеген.