Ақмола облысында ауыл тұрғынынан марихуана мен қарасора тәркіленді

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті құрамында есірткі заты бар өсімдікті өзі үшін өсіргенін айтты

фото: Polisia.kz

Целиноград ауданының Жаңаесіл ауылында жергілікті тұрғын бақшасында қарасора өсіріп, есірткі дайындаған деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, жергілікті тұрғын бақшасында 30 түп қарасора өсімдігін өсірген.  

Сонымен қатар, полицейлер үй-жайды тінту кезінде банка мен полиэтилен пакеткен салынған марихуана есірткісін тапты.

«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі заттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды», - делінген хабарламада.

Тегтер: