Елорда тұрғыны Иегово куәгерлері діни ұйымын сотқа берді

Azattyq Rýhy

Ол 10 жыл бойы құлшылық жасаған ұйым өз құрамынан шығарған соң денсаулығы сыр бергенін айтып сотқа жүгінген

Елорда тұрғыны Иегово куәгерлері діни ұйымын сотқа берді
фото: baq.kz

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотының үкімімен «Астана қаласы Иегово куәгерлерінің христиандық қауымдастығы» қала тұрғынына 5 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы төлейтін болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Сарыарқа аудандық сотына Б. өз атынан және кәмелетке толмаған ұлы С.- ның мүддесін қорғап «Астана қаласы Иегово куәгерлерінің христиандық қауымдастығы» жергілікті діни бірлестігіне қарсы талаппен жүгінді. Талапкер өзіне және оның кәмелетке толмаған ұлына моральдық зиян келтіргені үшін жауапкерден 10 млн. теңге сомасында моральдық зиян өтемақысын өндіріп беруді сұрады», - деп көрсетті қалалық соттың баспасөз қызметі.

Ол кәмелетке толмаған баласымен бірге апта сайын Иегово куәгерлерінің жергілікті діни бірлестігіндегі құлшылықтар мен жиналыстарға 10 жылдан астам уақыт бойы қатысқан.

Алайда ұйымнан аластатылып, оған бауырларымен, ұлымен араласуға тыйым салыныпты. Сол үшін азап шегіп, түңіле бастаған, бойын қорқыныш сезімі билеп, жазаға тартылып ажал құшамын ба деп қорыққанын жеткізді. Сонымен қатар өзінің және ұлының денсаулығына ауыр зиян келтірілгенін айтты.

Сот қойылған талапты ішінара қанағаттандырып, моральдық зиян үшін әрқайсысына 2,5 млн. теңге өтемақы өндірілді.

Нұр-Сұлтан қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен шешім өзгеріссіз қалдырылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.