15.09.2022, 13:42
Жаңалықтар
Алматы облысында маралдар фототұзаққа ілікті
Жоңғар Алатауы» ұлттық паркіндегі маралдың саны 1700 басты құраған
Жас маралдардың ойыны «Жоңғар Алатауы» ұлттық паркінде орнатылған фототұзаққа түсіп қалды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ерекше әдемі жануар тұяқтылардың ішіндегі ірісі болып саналады – салмағы 300 келіден асуы мүмкін. Ересек дарақтардың мүйізінің ұзындығы 120 сантиметр, салмағы 12 келіге дейін жетеді.
2021 жылғы санақ бойынша «Жоңғар Алатауы» ұлттық паркіндегі маралдың саны 1700 басты құраған, ал биылғы жылғы санақ қазан айында жүргізілетін болады.
Көп оқылған
15.09.2026, 12:44
Астанада тікелей эфирде лас сөздер айтып, күлдіргіш газ қолданған әйел адамға қандай жаза қолданылды
15.09.2026, 20:45
Ерке Есмахан жүктілігіне қатысты сыбысқа жауап берді
15.09.2026, 11:49
Күйеуі ата-анасын, бауырларын қырып салған: жындыханадан шыққан Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен қауышты (ВИДЕО)
15.09.2026, 08:55
Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы: солтүстікте – жаңбыр, оңтүстікте – 33 градус ыстық