ШҚО-да алкоголь өнімдерін қолдан жасаумен айналысқан адам сотталды
Оқиға орнын тексеру барысында 18 мыңға жуық бөтелке табылды
ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында алкоголь өнімдерін қолдан жасаумен айналысқан цехтың жолын кесті. Бұл туралы Azattyq Ruhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Өскемен қаласының тұрғыны алкоголь өнімдерін заңсыз түрде антисанитарлық жағдайда өндірген.
Оқиға орнын тексеру барысында 18 мыңға жуық бөтелке түрлі маркадағы арақ және коньяк өнімдері, 3500-ден астам түрлі жапсырмасы бар бос бөтелкелер, 700 литр құрамында спирті бар сұйықтық, сондай-ақ алкоголь өнімдерін құюға және жасауға арналған этикеткалар, қақпақтар және басқа да заттар тәркіленді.
Соттың үкімімен аталған азамат кінәлі деп танылып, сотталды. Сот шешіміме заттай дәлелдемелер жойылатын болады.