ШҚО әскери прокуроры: «Шақыру сапасы медициналық комиссияның жұмысына тікелей байланысты»
Өңірде 2022 жылғы көктемгі шақыру науқанын өткізу қорытындылары бойынша кеңес өтті
Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығында қалалар мен аудандардың қорғаныс істері жөніндегі басқармалары мен бөлімдерінің қызметін бағалай отырып, 2022 жылғы көктемгі шақыру науқанын өткізу қорытындылары бойынша кеңес өтті.
Жиын барысында өңірде 20 шақыру учаскесі мен 340 мыңнан астам медицина қызметкері жұмыс істейтінін, бірақ медицина кадрларының тапшылығы бар екендігін атап өтті.
Өскемен гарнизонының әскери прокуроры Жанболат Аекеновтің айтуынша, шақыру сапасы медициналық комиссияның жұмысына тікелей байланысты.
«Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің мәліметтеріне сәйкес, облыстық жиын пунктінде дәрігерлердің болмауы әлі де өзекті. Сондай-ақ барлық аудандарда медициналық тексеруге арналған қалыпты кабинеттер жоқ. Барлық басшылар алдағы күзгі әскерге шақыру шараларын қабылдап, сапалы және уақытылы болуын қамтамасыз етуі қажет», - деп атап өтті Жанболат Аекенов.
Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта облыс әкімі аппаратының «ШҚО жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды қамтамасыз ету қызметін» тексеру басталғанын, оны барлық аудандарда өткізу жоспарланғанын айтты.