Әзербайжан мен Армения шекарасындағы қақтығыстан 150 адамнан аса адам қаза тапты
Екі тарап бір-біріне татуласу уәжін бұзды деген айып тағып отыр
Арменияның Қорғаныс министрлігі Әзербайжанды шекарадағы шабуылды қайта бастады деп мәлім етсе, Әзербайжан тарапы керісінше, Армения оқ атуды тоқтату режимін бұзды деп отыр. Армения көршілес мемлекетке ескерту жасап, бұл қақтығыстың соңы соғысқа айналуы мүмкін екенін ескерткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
BBC таратқан соңғы мәліметке сүйенсек, қақтығыстардан қаза тапқандар саны 150-ден асқан.
Айта кетейік, екі елдің шекарасындағы қақтығыс 12 қыркүйек күні кешқұрым басталған болатын. Арменияның Қорғаныс министрлігі екі елдің шекарасындағы оңтүстік аумақта орналасқан қалаларға Әзербайжан оқ атты деп мәлім еткен.
Ал Әзербайжанның Қорғаныс министрлігі болса «Арменияның кең ауқымды жүріп жатқан провокациясына қарсы локальді контрмерлер жасағанын» мәлім еткен.