Коронавируспен ауырып жатқан 9 адамның жағдайы ауыр
Қазақстанда өткен тәулікте 181 адамнан КВИ инфекциясы анықталды. Оның 4-еуі коронавирус пневмониясын жұқтырған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
15 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 14 869 адам коронавирус инфекциясынан (–14 659+ және 210 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 218 пациент стационарда, 14 651 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 9 адамның жағдайы ауыр,
- 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.