$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Таразда Тик-Токқа видео түсіріп, жол ережесін бұзған жүргізушінің көлігі айып тұрағына қойылды

Жүргізуші ҚР ӘҚБтК 3 бабы бойынша жауапкершілікке тартылады

Таразда Тик-Токқа видео түсіріп, жол ережесін бұзған жүргізушінің көлігі айып тұрағына қойылды
фото: 24.kz

Тараз қаласы Полиция басқармасының мониторинг тобы бейнебақылау жұмыстарын жүргізу барысында жол ережесін қатаң бұзған автокөлік жүргізушісін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жамбыл облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жедел түрде оқиға орнына келген кезде «ВАЗ» маркалы автокөлік иесі жылдамдықты асырып, қашуға әрекеттенген. Сондай-ақ, көлік жолаушылары өз әрекетін бейнежазбаға түсіріп, интернет желісіне салып отырған.

«Автокөлік иесі жол ережесін қатаң түрде бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК - тің 590-бабы 9-тармағымен (мемлекеттік немесе міндетті техникалық бақылаудан өтпеген), 590-бабы 2-тармағымен (мемлекеттік тіркеу нөмері жоқ) және 599- бабы 2-тармағымен (бағдаршамның тыйым салатын сигналынан өту) әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Көлік арнайы айып тұрағына қойылды. Жүргізушіге 25 айлық есептік көрсеткіш, яғни 76 575 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары