$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

Республиканың батыс және шығыс аймақтарында жауын-шашын болуы мүмкін

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады
Фото: ашық дереккөзден

14 қыркүйек, сәрсенбіде Қазақстан аумағының басым бөлігі ауқымды әрі суық антициклонның ықпалында болады. Осыған байланысты жауын-шашын жаумайды. Түнгі уақытта тұман және үсік жүреді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

«Батыс, шығыс өңірлерде әлі де циклон мен атмосфералық фронттар үстемдік етеді. Сондықтан ж аңбыр жауып, батыста найзағай жарқылдайды», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Қазақстанның басым бөлігінде жел жылдамдығы - 15-20 м/с, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста екпіні - 23-28 м/с жетеді, күндіз батыста, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.

Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ал Жамбыл облысының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Түнде Ақмола облысының солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Павлодар облысының шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында 2-3 градус үсік жүреді.

Түнде Қостанай, Ұлытау, Абай облыстарының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс бағыттардан соғатын жел күші - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +15+17°С болады.

Алматы қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +22+24°С болады.

Шымкент қаласында аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан соғады, күші 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +28+30°С болады.

Серіктес жаңалықтары