«Бургер Кинг» жәндіктер қосылған бургер сата бастағаны рас па

Автор: Azattyq Rýhy

Telegram-да «Бургер кинг» компаниясы құрамында жәндіктер бар бургер әзірлейді деген ақпарат тарады

фото: stopfake.kz

Stopfake.kz сайты «Бургер Кинг» жәндіктер қосылған бургер сата бастады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Шын мәнінде, жәндіктер қосылған бургері бар жарнамалық постер – бұл АҚШ-тағы оқу орны Miami Ad School-ды Графикалық дизайн және копирайтинг мамандығы бойынша бітіретін студентінің жобасы. Жалпы жоба 14 медиа элементтерін қамтиды. Шегірткелер мен дернәсілдер қосылған бургер – солардың бірі. Бұл жұмыс 2019 жылы жарияланған, бірақ «Burger King» тез тамақтану мейрамханалары желісінде оны қолданылмаған.

«Burger King» желісінің ресми сайтында «мәзір» бөлімінде бургерге қосылған жәндіктер туралы ештеңе айтылмаған.

Сондай-ақ, құрт-құмырсқаларды жеумен ерекшеленетін Тайланд, Қытай, Жапония және Малайзия сияқты Азия елдеріндегі «Burger King» бөлімшелерінің сайттарындағы мәзірде де мұндай позициялар жоқ.

Тез тамақтану мейрамханаларының желісі кейде белгілі бір елдерде ғана қол жетімді ерекше ұсыныстар жасайды. Алайда, олардың ішінде шегіртке қосылған бургер болған жоқ.

Интернеттен сурет арқылы іздеген кезде, оның арнайы сайттың көмегімен шаблон бойынша жасалған жай фотошоп екенін түсінуге болады.

2022 жылғы 12 тамызда Еуропалық комиссия өз твиттерінде пайдаланушыларға ақуыздың балама көзі ретінде жәндіктерді пайдалануды ұсынған. Бірақ тез тамақтанудың ірі желілері ақуызды толықтай алмастыру туралы хабарлаған жоқ.