Петропавлда саяжайлардағы өртке кінәлі 8 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Сәуір айында болған алапат өрттен 200-ден астам ғимарат жанып кеткен болатын

фото: ҚР ТЖМ

Петропавлда саяжайлардағы өртке себеп болған 8 адам жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап.

Биылғы жылдың сәуір айында Петропавл қаласындағы «Ренет», «Весна», «Строитель» және «Жемчужина» саяжай қоғамдастығында өрт шығып, артынша тілсіз жау қамысты алқапқа жайылған болатын.

Мамандар өртке желді күні бақшадағы құрғақ шөпті өртегендер себеп болғанын анықтаған.

«Саяжай қауымдастықтарындағы өртке себеп болған 8 тұлға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 336 бабы 1-бөлімімен жауапкершілікке тартылып, 275 мың теңге айыппұл салынды» - деп көрсетті Петропавл қаласы ТЖБ бас маманы Дархан Смағұлов.