Олар еліміздің көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған
Маңғыстау облысында биылғы жылдың сегіз айында көші-қон саласының қызметкерлері ел аумағында болу заңнамасы мен басқа да әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 5 мыңнан астам шетелдікті жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Тәртіп сақшылары әкімшілік жауапқа тартқан шетелдіктерден 13 млн. 465 мың 239 теңге көлемінде айыппұл өндірілді. Сондай-ақ, 407 шетелдік ел аумағынан шығарылды. Ал алимент төлеуден жалтарып жүрген іздестірудегі 95 азаматтың 78-і анықталды», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.