Өрт 3800 гектар аумақты шарпыған
Шығыс Қазақстан облысының Алтай аймағындағы өрт толық оқшауланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 3800 гектар аумақты шарпыған өрт оқшауланды.
«12 қыркүйекте сағат 18.00-де Алтай аймағындағы бұталар мен шөптерді шарпыған өрт Зырян орман және Быковский орман шаруашылығындағы 3800 гектар аумақты шарпыған өрт оқшауланды», - делінген хабарламада.
Өртті ауыздықтауға ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері, жергілікті атқарушы органдар, орманшылар, «Қазавиаорманкүзет» мекемесінің қызметкерлері жұмылдырылды.
Өрт таулы жерде тұтанғандықтан, оны сөндіру жұмысы қиынға түсіп, екі тікұшақ жұмылдырылған.