Өзбекстан азаматы бір жыл бойы құқыққорғау органдарынан қашып жүрген
Қостанай қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында сот шешімін орындаудан жалтарып жүрген шетелдік азаматты қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қазіргі уақытта құқық бұзушыға қатысты 30 тәулікке бас бостандығын шектеу шарасы қолданылған.
Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен Өзбекстан азаматы ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 7-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, Қазақстан аумағынан шығару түрінде жазаға тартылған.
Шешімді өз еркімен орындау үшін оған 10 күн берілді. Алайда, осы уақыт ішінде Өзбекстан азаматы өз бетінше елден кетпеген және бір жылдан астам уақыт сот шешімін орындаудан жалтарып жүрген.