Алматыда үшінші теміржол вокзалы салынады

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев айтты

фото: 24.kz

Алматыда Боралдай елді мекенінде үшінші теміржол вокзалы салынады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жаңа вокзал Алматының бүкіл батыс аймағын қамтиды. Алатау және Наурызбай аудандарының тұрғындары Алматы-2-ге тоқтамай-ақ қалаға қатынайтын болады», - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев.

Мұхит Әзірбаевтың айтуынша, үшінші вокзал жол қозғалысы жүктемесін айтарлықтай азайтады.