«Канеломен» жекпе-жек: Геннадий Головкин Лас-Вегасқа ұшып барды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақ боксшысының Альвареспен үшінші жекпе-жегі осы қалада өтеді

Фото: Instagram/gggboxing

Геннадий Головкин Сауль «Канело» Альвареспен үшінші жекпе-жекке соңғы ре дайындық жасау үшін Лас-Вегасқа ұшып барды. Бұл туралы боксшы Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

«Вегастамыз. Жекпе-жек аптасына дайынбыз», - деп жазды Геннадий Головкин желідегі парақшасына.

Еске салайық, 2017 жылы Головкин мен Альварес арасындағы кездесу 12-раундта тең есеппен тартысты аяқталған болатын. Реванш-матчта «Канело» төрешілер шешімімен жеңіске жетті деп саналды.

Үшінші кездесуде қарсыластар екінші орта санаттағы абсолютті әлем чемпионы атағына таласады. Кездесу бұған дейінгі екі бокс кеші өткен T-Mobile аренасында өтеді.