Кедендік тексерістер нәтижесінде 45,1 млрд теңге бюджетке қайтарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Мемлекеттік кірістер органдары 10 экономикалық операторға жоспардан тыс кедендік тексерулер жүргізген болатын

Фото ашық дереккөзден

Қытаймен кедендік шекарада тәртіп орнатуға қатысты мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында жүргізілген тесерулер нәтижесінде 10 уәкілетті экономикалық операторлардан бюджетке 45,1 млрд теңге өндірілді. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2022 жылдың ақпан-мамыр айларында мемлекеттік кірістер органдары 10 уәкілетті экономикалық операторға қатысты жоспардан тыс көшпелі кедендік тексерулер жүргізген болатын.

Кедендік тексеру нәтижелері бойынша 107,7 млрд теңге мөлшерінде кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар қосымша есептелді. Уәкілетті экономикалық оператор тауарлардың кедендік құнын дұрыс төмендетіп көрсету арқылы кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтармақ болған.

Анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша мемлекеттік кірістер органдары прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарымен бірлесіп мемлекет бюджетіне 45,1 млрд теңге мөлшерінде кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар сомасын өндіріп алды.